2025 жылдың 5 қараша күні Баянауыл МҰТП қызметкерлері: экскурсия жөніндегі нұсқаушысы А.Құрманов, ғылыми қызметкер М.Жаслан, тәжірибе өтішу Б.Кашкеев Баянауыл ауылындағы №3 З.Ақышев атындағы ЖББОМ-нің 8-9 сыныптарына биоалуантүрлілікті сақтау және қоршаған ортаны қорғау туралы дәріс оқыды.
Баянауыл жері— Қазақстанның табиғаты көркем, тарихы терең өңірлерінің бірі. Бұл аймақ өзінің бай табиғатымен, тұмса ормандарымен, мөлдір көлдерімен және биік тауларымен ерекшеленеді.
Табиғат – адамзаттың алтын бесігі. Әрбір жануар, өсімдік, жәндік – жер бетіндегі тіршіліктің маңызды бөлігі.
Биоалуантүрлілікті сақтау – бұл тек табиғатты қорғау емес, бұл адамзаттың аман-саулығы мен тұрақты болашағы үшін жасалатын маңызды қадам.
— Табиғи тепе-теңдікті сақтау
— Жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
— Экожүйенің бұзылмауын қамтамасыз ету – барлығы бізге байланысты!
Дәріске 31 оқушы мен 4 мұғалім қатысып дәрістен алған өз әсерлерімен бөлісті.
Қоршаған ортаға жанашыр болайық! Әр ісіміз – табиғатқа әсер етеді.