Баянауыл МҰТП директоры А.Жумашев бастауымен ұлттық парктің қызметкерлерін құттықтау рәсімін өткізді.
Біздің өңірде тарихи орындары мен дара тұлғалары өте көп танылған аудан Баянауыл деуге болар. Қасиетті жердің айналасы тұнып тұрған тарих. Курортты-демалыс аймағының туристік әлеует жоғары. Баянауыл – еліміздің әдемі жерлерінің бірі. Таза ауасы, жасыл ормандары және мөлдір суы ешқайсыңызды бейжай қалдырмайды.
Ұлттық паркіміздің 40 жылдығы құттықтай отырып, әріптестеріме денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт, орман саласында тек сәттілік, жеміс, ойлаған мақсаттарымызға жете берейік!

