Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кіру Kaspi QR және Halyk QR арқылы!
Төлемді Kaspi QR және Halyk QR арқылы оңай және тез жүзеге асыра аласыз! Бұл сіздің уақытыңызды үнемдеп, сапарыңызды ыңғайлы етеді.
Сонымен қатар, бақылау өткізу бекеттерінде төлемді барлық мүмкін амалдармен жүргізу мүмкіндіктері бар оның ішінде (банк карталарын қабылдайтын терминалдар, немесе қолма-қол).
Бақылау – өткізу бекетінде төлем жүргізгеннен кейін тисіті чек талап ету құқықтарыңыз бар.
Сонымен қатар, Ұлттық парк аумағында жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін қатаң сақтап, табиғат қорғау заңнамаларын бұзбауға шақырамыз.
Табиғат аясында жайлылықпен демалыңыз!