Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Құрметті жерлестер және ұлттық паркке келушілер!!!

Сіздердің назарларыңызға Баянауыл МҰТП аумағында өсімдіктер әлеміне өте бай.
Ұлттық парк аумағында өсімдіктердің 552 түрлері
бар, оның ішінде 5 өсімдік түрі: жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүл, ашық қындызшөп, қызғалдақ, боз селеу.
Индикаторлық түрлеріне: кәдімгі қарағай, көктерек, қайың, таңқурай, алқызыл долана, кәдімгі мойыл, кәдімгі шәңкіш, қара қарақат, шайқурай тобылғы, арша, еркек усасыр папоротник, аналық тағы папоротник, жіңішке жапырақ иваншәй , шырмауың будра, жасыл бүлдірген, қосүйлі қалақай.

Естеріңізге саламыз! Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді және индикаторлық түрлерді кесуге, жұлуға тыйым салынады!

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ заңнамасына сәйкес, Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерді жою қылмыстық жауапкершілікке тартылады – бұл ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы. Сонымен қоса
378 — бабы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңына сәйкес бұзушылық фактілері анықталған жағдайда ұлттық парктің мемлекеттік инспекторлары хаттама толтырады.

Әсем жеріміздің өсімдік әлемін бірге сақтап қалайық!