🟢 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Парктер шеруі -2025» халықаралық табиғат қорғау акциясы.
🌿2025 жылдың 21 мамыр күні, аталған іс-шара Баянауыл ауданындағы Ш.Айманов атындағы ЖББО мектебінің 4-9 сынып аралығындағы оқушылар мен ұстаздары және С.Торайғыров атындағы ЖББО мектебінің 5-8 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысумен, ұлттық парктің түсінігін, міндеттерін, экологиялық акциясының мәнін түсіндіруге экологиялық ағарту және туризм бөлімі ,гид нұсқаушы Құрманов А., ғылыми және мониторинг бөлімінің аға ғылыми қызметкер Жаслан М. кіші ғылыми қызметкер Айтышев Н.қатысты.
🍀«Парктер шеруі» — бұл қорықтар мен ұлттық парктерді қолдауға арналған халықаралық табиғатты қорғау науқаны (акциясы), науқан жыл сайын өткізіледі және қоршаған табиғи аумақтарды қолдау идеясын жақтаушыларды біріктіре отырып қоғамдық сипатқа (қасиетке) ие.
🌎«Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы АҚШ-тан бастау алып, әлемнің көптеген елдерінде 1990 жылдан, ал Қазақстанда 1996 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді. Акция 2 айға созылады. Бұл акцияның басты мақсаты — жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік билігі бар органдардың алдында табиғатты қорғауға көңіл аударатындай мәселелер көтеріп, қажетті ақпараттар легімен таныстыру.
🟢 Акция кезінде әртүрлі байқаулар, дәрістер мен кездесулер, ағаш отырғызу, концерттер т.б. ұйымдастырылады. Іс-шара қорытындысы бойынша белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталады. Табиғатты аялау-әрқайсымыздың борышымыз! Сізде «Парктер шеруі-2025» акциясына атсалысып қоршаған ортаға жанашырлық танытыңыз!







