«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» жаңа техникамен толықты!!!
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қолдауымен «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» лизинг арқылы заманауи өрт сөндіру жабдықтарымен толық жарақталған арнайы техникалармен қамтамасыз етілді.
Материалдық базамызда 5 бірлік (Jac) шағын өрт сөндіру кешендерімен толықты.
Бұл көліктер — табиғи және объектілерді қорғау бөліміне, Баянауыл бөлімшесіне, Жасыбай бөлімшесі ( Торайғыр, Егіндібұлақ) Далба бөлімшесіне берілді.
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай қолдау – орманды қорғау ісінің маңызды мемлекеттік басымдықтардың біріне айналғанының айқын дәлелі.
Бұл көліктер инспекторлардың күнделікті жұмысын жеңілдетіп, шалғай аумақтарда табиғатты қорғау шараларын дер кезінде жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар орман өрттерінің алдын алу, рейдтік тексерістер және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтеді.
Автокөліктер заманауи талаптарға сай, жолсыз жерлерде де сенімді жүретін техникалар. Табиғат қорғаушылары үшін бұл – үлкен қолдау мен жауапкершілік.
Ұлттық байлығымыз — табиғатты көздің қарашығындай сақтау жолында атқарылып жатқан жұмыстар жемісті болсын! 🌿🇰🇿