Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

▪️«Баянауыл МҰТП» аумағында Баянауыл бөлімшесінде жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 23 — 24 желтоқсан күндері биотехникалық іс-шаралар өткізілді.

▪️Биотехникалық шаралар – жабайы жануарлардың мекендеу ортасын қорғау және жақсарту болып табылады.

▪️Жабайы жануарларды азықтандыру биологиялық жағынан да, экономикалық жағынан да негізгі және жеткілікті тиімді шаралардың бірі. Оның мақсаты – қолайсыз климаттық жағдайларға байланысты аштықтан жабайы жануарлардың өлуіне жол бермеу, ал негізгі табиғи жем-шөпті нашар жинаған жылдары жабайы жануарларды шаруашылықтан тыс жерлерге көшіруге жол бермеу.

▪️Азықтандырудың мақсаты – жабайы жануарларды қажетті уақытта жемшөппен қамтамасыз ету және сол арқылы шығыннан қорғау.

@qazaqormany
@pavlodar_inspektsiya