Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде, мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту жөніндегі 2024 жылға арналған аудандық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Баянауыл ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ халқының үш бәйтерегі атанған, артына өшпес рухани мұра қалдырған қазақтың жыр құлагері, қоғам қайраткері – Ілияс Жансүгіров, жалынды ақын, жазушы, драматург Сәкен Сейфуллин мен әңгіме жанрының хас шебері, жазушы Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойларына орай «ҮШ БӘЙТЕРЕК – ҮШ АЛЫП» атты аудандық көркемсөз оқу байқауы өтті.
▪️Аталмыш көркемсөз оқу байқауына Баянауыл ауданының құрметті азаматы, елім-ай сыйлығының иегері өлкетануға қосқан үлесі үшін, туризм саласының үздігі және «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» гид- нұсқаушысы мемлекеттік инспектор — Құрманов Алтынбек Жұматұлы қазылар алқасының мүшесі болып қатысып, оқушылардың шығармашылық шеберлігі мен біліктілігін бағалап, әділ бағасын берді.
▪️Байқауды өткізудегі мақсаты, өскелең ұрпақты ұлтымыздың үш бәйтерегі атанып кеткен Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды өнер, қоғам қайраткерлері болған арыстай ер азаматтардың, ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқып үйренуге баулу, өнегелі өмір жолдарын жас ұрпаққа ұғындыру және үлгі ету;
▪️Байқауға аудандық жалпы білім беретін мектептердегі 7-11 сынып аралығындағы ақын-жазушылардың шығармашылығына қызығушылық танытқан 27 оқушы қатысты.
Қазылар алқасы оқушылардың шығармашылық шеберлігі мен тума талант, табиғи дарындарын әділ бағалап, шын жүйріктерді анықтады.










