Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Аталған іс-шараға Баянауыл МҰТП директоры, бас мемлекеттік инспекторы Жусупов Аждар Сагынтаевич,
Туризм және рекреация жөніндегі инженер — мемлекеттік инспектор Даулеткалиева Айдана Асетовна, Ғылыми қызметкер — мемлекеттік инспектор
Жаслан Мұрат Жанатұлы қатысты.
Іс-шара мақсаты: Балаларға табиғат адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін айтып өту, табиғатқа қамқорлық жасауға аялап қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін балаларға кеңінен толық ұғындыру. Балалар викториналық қызықты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін арттырды.