«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» 14- ші турмаршрут «Жасыбай көлі — Сәкен жартас»
🔹Елдің аузында жүрген жалғыз Жасыбай ғана бір қызығы. Алайда, оған жақын жатқан тағы бір көл бар. Табиғатының сұлулығы Жасыбайдан аспаса, кем түспейді. Торайғыр көлі. Көл жағысындағы ауыл. Осы ауылда тарихи орындар баршылық.
🔹Сәкен Сейфуллин сол Азап вагонынан қашып, Торайғырда тұратын нағашы жұртын паналаған. Ауылдың жанындағы жартасқа жасырынған. Сол жартас қазір «Сәкен жар» деп аталады.Иә, Сәкен Сейфуллиннің құрметіне қойылған жартас. «Тар жол тайғақ кешу» заманында Сәкен Баянауылды паналаған. Расында ықпыл-жықпылы көп таудың арасынан кісіні табу оңай емес.