Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Аталмыш ғылыми конференцияға Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы, Алматы облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы, ҚР ғылыми зерттеу институттары, ЖОО оқытушылары, ЕҚТА-дың басшылары мен қызметкерлері оның ішінде «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» ғылыми қызметкері Жаслан М.Ж. мен кіші ғылыми қызметкер Айтышев Н.К. және аудан тұрғындары қатысты.
Шарын МҰТП директоры Нысанбаева Гүлмира Нұралықызы парктің 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері мен ауқымды істерін көпшілікке таныстырып, баяндама оқыды.
Шарын МҰТП 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми конференцияға Қырғызстан Республикасының зоология институтынан омыртқалылар зертханасының меңгерушісі Давлетбеков Аскар қатысса, Түркия елінен Стамбул университетінің Орман факультеті, орман ботаникасы кафедрасының меңгерушісі, профессор Унал Аккемик онлайн ZOOM платформасы арқылы түрік тілінде «Соғды шағаны ағашының жылдық сақиналар талдауының алғашқы нәтижелері» тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен қатар, Есенбекова Перизат Абдыкаировна, Грачев Алексей Александрович, Шыныбеков Мұрат Кенжебекұлы, Аділжанов Тимур Бауыржанұлы және Сағынғалиева Ботакөз Жанатқызы баяндамалар оқыды.

🔹Сонымен қатар, Шарын шатқалы мен Ерен тоғайында болып, экскурсия ұйымдастырумен жалғасын тапты.
Басты мақсат — табиғаттың тартуын талқандамай, сақтай білудің жолы болып табылады.