Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Ағымдағы жылдың 29 тамыз күні «Экообраз» қоғамдық бірлестігі жобасының басшысы Былинская С. мен Қарқаралы МҰТП — ның Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің басшысы Омаров С. қатысуымен Баянауыл МҰТП ұжымына күн панельдерін орнату жұмыстарымен таныстырды.

Қазіргі уақытта ұлттық парктің танымал туристік маршруттардың бірі Қоңыр әулие үңгірі маңайында орналасқан үйінде күн сәулесі арқылы қуат алатын панель орнатылып, тоқ көздерімен қамтамасыз етілді.

Бұл бастама күн энергиясы көміртегі ізін азайтуға көмектеседі. Қазба отындарынан айырмашылығы, күн энергиясы парниктік газдар шығарындыларысыз таза энергия шығарады. Бұл өзгеріс сізге сау планетаға үлес қосуға мүмкіндік береді.

Жаңартылған жүйе:
-Электр қуатына қолжетімділікті жақсартады -Қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттырады -Қоршаған ортаға зиянсыз, экологиялық таза қуат көзі болып табылады

“Климаттың өзгеруі жағдайында ЕҚТА-ның тұрақты дамуына жәрдемдесу” жобасының, Қазақстандағы Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) шағын гранттар бағдарламасы / БҰҰДБ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба аясында