2024 жылдың 11 қарашадан бастап, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес, «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Республикалық мемлекеттік мекемесі аумағында өрт қаупі бар маусым ресми түрде аяқталды.
Осы маусымда ұлттық парк аумағында жалпы ауданы 4997,5 мың гектар болатын 6 орман өртті тіркелді. Бұл аумақтың көбісі орман өртті болатын.
«Казавиорманқорғау» мекемесімен бірлесе отырып ұлттық парк аумағын әуеден бақылау рейдтік іс-шаралары белсенді жүргізілді.
Орман – дәріхана, тамақ пен шикізат көзі. Бұл біздің байлығымыз, ұлттық қазынамыз. Оның адам өміріндегі маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес. Сондықтан да, орманымызды өрттен қорғауға шақырамыз!!!