Павлодар облысының нағыз мақтанышы, Экскурсовод — «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» мемлекеттік инспекторы Алтынбек Жұматұлы өз кәсібіне терең берілген және туған өлке туралы баға жетпес білімге ие. Ол Баянауыл ауданы Торайғыров ауылында туып-өскен. Әскерде қызмет еткеннен кейін Ленинград мемлекеттік университетінің «Этнография және өлкетану» факультетінің тыңдаушысы болды. Кейін Баянауыл агротехникалық колледжін «орман шебері»мамандығы бойынша бітірген.Қазіргі қызметке кіріспес бұрын ол Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы мемориалдық музей қорларының аға тәлімгері болды.Алтынбек Жұматұлы Құрмановтың табысты қызметі «Павлодар облысына 75 жыл» (2013), «ҚР Үздік өлкетанушысы» (2018), «С.Торайғыровтың 125 жылдық мерейтойы» (2019),»Мұса Шормановқа 200 жыл» медальдарымен, ал Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 35 жылдығына (2020) медальдармен марапатталды. Өлкетанушы ҚР Мәдениет және спорт министрінің алғыс хатын (2009) және Құрмет грамотасын (2020) алды. ҚР Табиғи ресурстар экология және геология министрлігі құрған «Елім-ай»республикалық сыйлығына ие болды (2020). Баянауыл ауданының Құрметті азаматы (2019). ҚР Мәдениет және спорт министрлігі құрған «Туризм саласының үздігі»(2022) медалімен марапатталған. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі құрған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ерен еңбегі үшін»(2022) медалімен марапатталған.


