Жаңа жыл алдындағы кезеңінде Баянауыл МҰТП аумағындағы қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының жас талдарын қорғауды күшейту бағытындағы рейдтік іс-шаралар күшейтілді.
🗓️ Аталмыш іс-шара 2025 жылғы 1 желтоқсан — 31 желтоқсан аралығында ұлттық парк аумағында жүргізілетін болады.
Далба, Баянауыл, Жасыбай бөлімшелерінде күзет жүргізілетін арнайы бекеттер орнатылып, рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.
- Заңсыз ағаш кесуге жол бермейік
- Орманды қалпына келтіруге атсалысайық
- Табиғатқа жанашырлықпен қарау – ұрпақ алдындағы жауапкершілік
Қылқан жапырақты ағаштарды сақтау – табиғаттың байлығын болашаққа аман жеткізудің жолы.