2023 жылы жаз маусымында ,Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Торайғыр ауылында 6 — шы орамында қарақұрттардың таралып жатқанын хабарлаған болатынбыз!!!
Бүгінгі таңда, қарақұрттарды жою жұмыстары ағымдағы жылда
Ғылым және мониторинг, табиғат кешендер мен объектілерді қорғау бөлімдері және Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторы бірлесе отырып Торайғыр ауылындағы 6- шы орамында қарақұртты жою және жұмыртқаларын арнайы құтыға жинау жұмыстары жүргізілді.
Демалушылардың қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды талап етеміз, табиғатта болған кезде қоқыстарыңызды жинауларыңызды сұраймыз.
Ал қарақұрт шағып алған жағдайда не істеу керек? Егер адамды қарақұрт шағып алса, жедел медициналық көмекке жүгіңгенізді сұраймыз. 2-3 минут жараны күйдіруге болады ( сіріңке және т.б ) Ол уланған жердің улы әсерін жояды.🕷️🕷️🕷️
2)Баянауыл МҰТП аумағында орналасқан туристік соқпақтардың экологиялық тазалығын қарау мақсатында «Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкері» Қабдолла Д.Ғ. және Баянауыл МҰТП нің экскурсия жөніндегі нұсқаушы мемлекеттік инспектор — Құрманов А.Ж. Ғылыми қызметкер Жаслан М.Ж. рейдтік қадағалау жүргізді.Іс шара барысында өрескел заң бұзышулық байқалмады.









