Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 2025 жылғы қараша айынан бастап 2026 жылғы наурыз айына дейін өндірістік жоспарға сәйкес кәдімгі қарағайдың бүршіктерін жинау жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған көлем – 2500 кг.
Бүршіктер қолмен жиналады.
Бүршіктерді жинау кезінде арнайы қырқатын құралдар мен әртүрлі саты түрлері қолданылады. Бұл ретте өсіп тұрған ағаштардың бұтақтарын кесуге және шабуға жол берілмейді. Сондай-ақ, қарағай бүршіктерін жинау барысында олардың диаметрі 16 мм-ден кем болмауы тиіс.
Бұл жұмыс орман ресурстарын ұтымды пайдалану мен болашақта жасыл желекті қалпына келтіру үшін маңызды рөл атқарады.
✍️Орман өсіру инженері — Баймақан Е.К.








