Бос лауазым орнына байқау жарияланады
«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі келесі бос лауазым орындарына ашық байқау жариялайды:
Лауазымы: Хатшы -Референт
- Еңбекақы мөлшері 137 719 теңгеден 168 476 теңгеге дейін.
🔹Хатшы-референт лауазымына қойылатын негізгі талаптар:
Білімі:
- Орта арнайы немесе жоғары білім (филология, іс жүргізу, басқару, тіл білімі, аударма ісі және т.б. салалар бойынша).
Жұмыс тәжірибесі: - Ұқсас қызметте кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі (міндетті емес, бірақ артықшылық болады).
Кәсіби дағдылары: - Құжаттармен жұмыс істеу, іс жүргізуді жүргізу.
- Офис бағдарламаларында (MS Word, Excel, Outlook) еркін жұмыс істеу.
- Қабылдау бөлмесін ұйымдастыру, телефон қоңырауларына жауап беру.
- Ресми хаттарды сауатты жазу және рәсімдеу.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
(Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген азаматтық қызметке кіру және бос лауазымдарға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес)
Қатысушы ұсынуы тиіс:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілетін құжаттардың тізімі көрсетіледі);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- Жеке іс парағы (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс нөмірі көрсетіледі);
- Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
- Денсаулық жағдайы туралы анықтама (ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша).
Құжаттарды қабылдау мерзімі:19.11.2025ж. — 03.12.2025ж.
Құжаттарды тапсыру мекенжайы:
📍Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шонай ауылы, Н. Солтаналин көшесі, 42
📞 Байланыс телефоны: 8 (71840) 9-21-78, 8(71840) 9-21-87