Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Бос лауазым орнына байқау жарияланады

«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі келесі бос лауазым орындарына ашық байқау жариялайды:

Лауазымы: Баянауыл бөлімшесінің – мемлекеттік инспекторы

  • Еңбекақы мөлшері 284 992 теңгеден 349 870 теңгеге дейін.
  • Біліктілікке қойылатын талаптар:
    Жоғары санат: техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (арнаулы орта, кәсіби орта) білімі бар: орман шаруашылығы, саябақ шаруашылығы, ландшафтық дизайн, экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша), аңшылық және аң шаруашылығы, бал ара шаруашылығы және бірінші санатты инспектор ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы тиіс;
    Бірінші санат: осы бағыттар бойынша білімі және екінші санатты инспектор ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
    Екінші санат: осы бағыттар бойынша білімі және санатсыз инспектор ретінде кемінде бір жыл өтілі;
    Санатсыз: тиісті бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімі бар немесе жалпы орта білімі бар және ұйымның бейіні бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар.

-Құжаттарды тапсыру мекенжайы:
📍Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шонай ауылы, Н. Солтаналин көшесі, 42

📞 Байланыс телефоны: 8 (71840) 9-21-78, 8(71840) 9-21-87

✅ Құрметті азаматтар! Табиғатты қорғау ісіне өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, байқауға қатысуға шақырамыз!