«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде» республикалық мемлекеттік мекемесінде еңбек етіп жүрген Жетпісбаев Бірлік Салықұлы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, 39 жыл бойы жұмысын орман шаруашылығына арнаған тәжірибелі орман шеберлерінің бірі.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 68453 гектарды құрайды. Оның ішінде Жасыбай бөлімшесінің Егіндібұлақ, Біржанкөл аумағы 11330 гектарды құрап, Біржанкөл көлімен қамтиды. Сол аумақты фенологиялық бақылау, орман алқаптарын қарау, заңсыз жүргізген іс-әрекеттерді алдын алу жүргізіледі. Осы міндеттерді бақылау үшін қарамағында 8 мемлекеттік инспекторлармен қызмет атқарады.
Күн сайын орман алқабының қауіпсіздігін қадағалап, табиғи байлықты сақтау жолында тынымсыз еңбек етіп келеді. Оның қарамағындағы орман учаскесі – мыңдаған гектар жасыл желек. Табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен адалдығы оның күнделікті жұмысынан айқын көрінеді.
Бірлік Салықұлы үшін орман – тек жұмыс орны ғана емес, жүрекпен байланысқан киелі мекен. Ол жас ұрпаққа табиғатты аялау, орманды сақтау – әр азаматтың борышы екенін ісімен дәлелдеп келеді