Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Құрметті «Баянауыл» МҰТП РММ туристері, сізде Kaspi.kz және Halyk.kz қосымшасы арқылы ұлттық парк аумағына кіру билеттері онлайн сатып алуға мүмкіндігіңіз бар және кіру үшін өткізу пунктінде орналасқан банктің QR коды бар. Кіру билеттерін сатып алу үшін төмендегі QR КОДТЫ Сканерлеңіз

Тарифтер Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бекітіледі. Соңғы тарифтер 2024 жылғы 2 қазанда №232 бұйрықпен бекітілген.

Баянауыл ұлттық табиғи паркінің қызметтері бойынша тарифтер аумаққа кіру, маршруттарды аралау, санитарлық тазалық, қоқыс шығару және басқа да қызмет түрлері үшін есеп айырысуға қолданылады. Бұл тарифтер есептік айлық көрсеткіш (АЕК) негізінде есептеледі.

Жеке тұлғалар үшін аумақты санитарлық тазалау және абаттандыру қызметтері (бір адамға тәулігіне):

жаяу келушілер – 0,15 АЕК (590 теңге);

жеңіл автокөлікпен кіру – 0,4 АЕК (1573 теңге);

16 орынға дейінгі шағын автобустар және жүк көліктері – 2 АЕК (7864 теңге);

32 орынға дейінгі автобустар – 3 АЕК (11 796 теңге);

32 орыннан асатын автобустар – 5 АЕК (19 660 теңге).