Еліміздің аумағында құрылған ең алғашқы ұлттық табиғи парк.Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі — 1985 жылы 12 тамызда ҚССР Министрлігі № 276 қаулысымен құрылды.Аумағы 68 452,8 гектар құрайды.
Әсем табиғатын, бір көрген адамның ет жүргеніне ізгілік әсер қалдыратын алашқа аян. Тауы мен тасы Мысырдың жақұтпен көмкерген айнасындай айдың шалқар көлдері, жануарлар әлемі, жасыл желекке жамылған қарағайлы, қайынды нулы орманы, табиғи тас мүсіндері мен ғажайып үңгір шатқалдарының кескін келбеті атадан балаға мирас, аңыз-әфсаналарға арқау болған құтты мекен.
Талайдың жанарын жаулаған, Баянауыл паркінің тұмса табиғатты фауна мен флораға өте бай. Мәселен парк аумағында өсімдіктердің 552 түрі, оның ішінде 5 түрі қызыл кітапқа енген. Сүтқоректілердің 45 түрі, оның ішінде арқар қызыл кітапқа енгізілген, құстардың 205 түрі, балықтардың 13 түрі, жәндіктердің 295 түрі кездеседі.
Бүгінгі таңда еліміздің жан жақ өңірі мен шетелден Баянауылдың табиғатын тамашалауға келетін туристердің саны жыл сайын арттып келеді.Шамамен 150 мыңдай аса адам тамашалайды.
Ұлттық парк аумағын барша мемлекеттік инспекторлар мен қызметкерлерінің табиғи байлығын қорғап жүрген мың алғыс! Баршаларыңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт, орман шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге жетіңіздер!