Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымына туризм және ғылым мәселелерін қадағалайтын жаңа орынбасар таныстырылды. Бұл қызметке Ақаев Азамат Мұратұлы тағайындалды.

🔹 Туған күні: 1991 жылғы 30 қаңтар
🔹 Білімі:
• «Туризм» мамандығы
• «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы

🔹 Тәжірибесі:
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдарында, соның ішінде Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінде басқарушылық қызмет атқарған.

Азамат Мұратұлының кандидатурасы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басшылығымен мақұлданды.

Жаңа қызметте сәттілік тілейміз!
Алдағы міндеттерді абыроймен атқарып, еліміздің табиғи байлығын қорғауға үлес қоса беруіне тілектеспіз. 🌿✨