Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі (Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті) Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Шонай ауылы, Нағым Солтаналин көшесі 42 мекенжайы бойынша орналасқан. Байланыс телефоны 8 (718 40)92178, электрондық поштасы bayangnpp@mail.ru . «БМҰТП» РММ әкімшілік ғимаратында бос лауазымға орналасу жөніндегі конкурс өткізіледі, 2025 жылғы 20 қараша күні сағат 17:00-де құжаттар қабылдау аяқталады.

  1. Далба бөлімшесінің мемлекеттік инспекторы:
    Бекітілген аумақтағы табиғи кешендерді, соның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, сирек және жойылып кету қаупі төнген түрлерді қорғауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының бұзылуын болдырмау және тоқтату жөнінде шаралар қабылдау; Орман өсіру, орман шаруашылығы, биотехникалық және есепке алу жұмыстарын, сондай-ақ табиғи кешендерді қорғау мен қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды жүргізу;
    Өртке қарсы іс-шараларға қатысу;
    Белгілердің, шекара бағандарының, нысандық белгілердің, көпірлердің, соқпақтардың, өрт бақылау пункттері мен байланыс желілерінің бүтіндігін қадағалау және олардың жарамды күйін сақтау;
    Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
    Ұйым қызметкерлеріне және өзге ұйымдарға ғылыми-зерттеу жұмыстарын, соның ішінде жануарлар санын есепке алуды жүргізуге көмек көрсету;
    Өндірістік іс-шаралар бойынша есептер мен басқа да құжаттарды әзірлеу;
    Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қадағалау;
    Орманда өрт шыққан жағдайда оны сөндіру бойынша шаралар қабылдап, жоғары тұрған орман күзеті қызметкерлеріне дереу хабарлау.
  2. Еңбекақы мөлшері 284 992 теңгеден 349 870 теңгеге дейін.
  3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
    1) Жоғары біліктілік деңгейіндегі маман:
    Жоғары санат: орман шаруашылығы (орман ресурстары және орман өсіру, аңшылық және аң шаруашылығы), қоршаған орта (экология), биологиялық және туыстас ғылымдар (биология, география), қызмет көрсету саласы (туризм) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы және бірінші санатты жоғары деңгейлі инспектор лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы қажет;
    Бірінші санат: тиісті бағыттар бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және екінші санатты инспектор ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі болуы тиіс;
    Екінші санат: тиісті бағыттар бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз инспектор ретінде немесе ұйымның бейіні бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі болуы қажет;
    Санатсыз: тиісті бағыттар бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
    2) Орта біліктілік деңгейіндегі маман:
    Жоғары санат: техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі (арнаулы орта, кәсіби орта) білімі бар: орман шаруашылығы, саябақ шаруашылығы, ландшафтық дизайн, экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша), аңшылық және аң шаруашылығы, бал ара шаруашылығы және бірінші санатты инспектор ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы тиіс;
    Бірінші санат: осы бағыттар бойынша білімі және екінші санатты инспектор ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
    Екінші санат: осы бағыттар бойынша білімі және санатсыз инспектор ретінде кемінде бір жыл өтілі;
    Санатсыз: тиісті бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімі бар немесе жалпы орта білімі бар және ұйымның бейіні бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар.
  4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
    (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1017 бұйрығымен бекітілген азаматтық қызметке кіру және бос лауазымдарға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес)
    Қатысушы ұсынуы тиіс:
  5. Конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілетін құжаттардың тізімі көрсетіледі);
  6. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. Жеке іс парағы (тұрғылықты мекенжайы мен байланыс нөмірі көрсетіледі);
  8. Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  9. Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
  10. Денсаулық жағдайы туралы анықтама (ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша).