Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Баянауыл бөлімшесінде биотехникалық іс-шаралар өткізілді.

Жабайы аңдарға азық салу – олардың табиғи ортада тіршілік етуін қолдау мақсатында жүргізілетін маңызды биотехникалық іс-шаралардың бірі. Бұл жұмыс, әсіресе қыс мезгілінде және азық қоры азайған кезеңдерде жабайы жануарлардың аман қалуына, әлсіреп кетпеуіне және санын сақтауға бағытталады.

Азық салу барысында жануарлардың биологиялық ерекшеліктері мен қоректену әдеттері ескеріледі. Арнайы белгіленген орындарға шөп, дәнді дақылдар, жем-шөп, тұз және басқа да қажетті азық түрлері жеткізіліп, тұрақты түрде толықтырылып отырады.