Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды дамыту мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Тұрғамбаев республикалық «Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджін қолдай отырып, орман шаруашылығындағы өз үлесімді жариялағым келеді.

Қоршаған ортаны қорғау-әр адамының міндетті.
Табиғат — бізге берілген баға жетпес байлық.

Орман шаруашылығы саласында қызмет ете отырып, қазіргі таңда 2023 жылдан бастап ғылыми қызметкер болып қызмет атқарамын.

Қазіргі уақытта дейін экологиялық акциялар, сенбілікке шығу, ағаш отырғызу, ғылыми жұмыстар, өсімдіктер мен жануарлар әлемімен биоалуантүрлігін қарау, көлдердің жағдайын қалыпта ұстау
арқылы біз табиғатқа қамқорлық жасауды үйренеміз.

Әр адам табиғатқа өз үлесін қосса, табиғатымыз одан сайын гүлдене түседі, сондықтанда сен де өз үлесінді қос!