2025 жылдың 12 желтоқсан күні Баянауыл ауданындағы Торсықбай көлінде Аққудың аналық сыңары мұзға жабысып қалып,аталық аққу соны күтіп жылы жаққа ұшып кетпии, жаурап әлсіреп қалған, аяздан уйге әкеліп құтқарып қалған Баянауыл ауданының тұрғыны Жақыпов Бауыржан және әкесі болған болатын.
Қазіргі таңда, 2025 жылдың 15 желтоқсан күні Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аңшылықтанушысы Б.Акимбеков Баянауыл ауданының ветеринария бөлімімен бірлесіп, азамат Жақыпов Бауыржанның қарауында болған екі аққудың жағдайына визуалды тексеру жүргізу мақсатында шығу жүзеге асырды. Аталған азамат құстарды ауыр жағдайда тауып алып, қазіргі уақытта оларға күтім жасауда.
Тексеру нәтижелері бойынша аққулардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Бауыржанның айтуынша, жақын арада құстар ветеринариялық тексеруге жіберіледі. Алдағы уақытта аққулар тиісті мекемеге тапсырылып, онда оларға тиісті күтім көрсетіледі, ал көктем мезгілінде жағдайы нығайып, толық қалпына келгеннен кейін табиғи мекендеу ортасына жіберілетін болады.