2025 жылдың 6 қазан күні ұлттық парк қызметкерлері Баянауыл ауылындағы №2 Ш.Шөкин атындағы ЖББОМ 7 сынып оқушыларына биоалуантүрлілікті сақтау жолдары туралы дәріс өткізілді.
Биоалуантүрлілікті сақтау дегеніміз — жер бетіндегі тірі организмдердің (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) барлық түрлерін, олардың генетикалық қорын және тіршілік ететін табиғи ортасын сақтау, қорғау және ұтымды пайдалану.
Мақсаты — экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, жойылып бара жатқан түрлерді аман алып қалу және болашақ ұрпаққа табиғи байлықтарды жеткізу.
Дәрістің түйіні:
Биоалуантүрлілік — тіршіліктің негізі. Оны сақтау — әр адамның, әр қоғамның ортақ міндеті. Дәріс барысында биоалуантүрлілікті сақтау жолдары қарастырылды, атап айтқанда:
- Қорықтар мен ұлттық парктер құру арқылы сирек кездесетін түрлерді қорғау;
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
- Экожүйелерді қалпына келтіру және ластанудың алдын алу;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
- Экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Дәрістің негізгі мақсаты — тыңдаушыларға биоалуантүрліліктің маңызын түсіндіру және оны сақтаудағы әрбір адамның рөлін көрсету.


