Сіздерді 1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтаймыз. Бүгін «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» қызметкерлері ұлттық паркте қызмет атқарған ардагерлерге арнайы сый сияпат таратылды.
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың орны біз үшін бөлек. Жас ұрпаққа игілік пен ізгіліктің, пайым — парасаттың үлгісін танытудан жалықпаңыздар. Алдымызда өміріміздің бағдаршамы болып, аман-есен жүріңіздер!
Халықаралық қарттар күні — 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды.
Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Және оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.
Құрметпен, Баянауыл МҰТП ұжымы






