2025 жылдың 17 қазан күні орман шаруашылығы қызметкерлері күніне қарсы «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінде салтанатты шара өтті.
Аталмыш іс-шарада марапат иелері құттықталды және спорттық ойындар өткізілді шағын футбол, гір көтеру,қол күресі жарыстарынан.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құрмет грамотасымен және 3 ші дәрежелі Биоалуантүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін қызметтерлер марапатталды.
Айта кететін жайт ұлттық парктің 40 жылдығына қарсы барша мемлекеттік инспекторлары мен қызметкерлерді, «парктің еңбек сіңірген қызметкері» атты төсбелгілер табысталды.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парк директоры Алмаз Жумаканович құттықтау сөзінде барша әріптестерін орман шаруашылығы қызметкерлер күнімен құттықтап, Сіздердің табиғатты аялаудағы ерен еңбектеріңіз, орман байлығын сақтау мен келер ұрпаққа жеткізудегі жауапкершіліктеріңіз зор құрметке лайық.
Орман — өмір тынысы, ал сіздер — сол табиғаттың шынайы қорғаушыларысыздар.
Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!