Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

2025 жылдың 19 маусым күні ғылым және мониторинг бөлімі мен Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары бірлесе отырып, ұлттық парктің Жасыбай бөлімшесінің 6 шы орамындағы Торайғыр көлінің тасты жағажайында қарақұрттарды көзің жою іс — шаралары жүргізілді.

Іс-шара барысында қарақұрттың 93, оның ішінде 26 аталық, 67 аналықтар көздері жойылды.

Қарақұрт — улы өрмекші тәрізділер тұқымдасына жатады.Көздері күндізде түндеде бірдей көреді. Ұрғашы қарақұрт ұясын жерге салады, оның айналасына тор тоқып, жәндіктермен қоректенеді.

Жәндіктердің таралуына жол бермеу мақсатында тұрғындар мен демалушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.