Халықаралық туризм күні жыл сайын 27 қыркүйек атап өтіледі. Бұл мереке 1979 жылы Испанияның Торремолинос қаласында өткен Бүкіләлемдік туристік ұйымның (UNWTO) Бас Ассамблеясында ресми түрде бекітілді. Алғашқы рет 1980 жылы атап өтіле бастады.
Бүгінгі таңда Баянауыл МҰТП Жасыбай демалыс аймағында туризм күні аталып өтті. «Зерде» мектеп гимназиясынан 100 ден аса оқушылар мен мұғалімдер мен ұлттық парк қызметкерлері қатысты.
Аталған іс-шарада арнайы шатырлы қалашық қойылып, дастархан жайылды, концерттік бағдарлама, сурет салу арқан тартыс ұйымдастырылды.
Мерекенің мақсаты — туризмді насихаттау, оның әлемдік қауымдастық экономикасына үлесін жариялау, түрлі елдердің халықтары арасындағы байланысты дамыту.








