Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

2025 жылдың 23 қыркүйек күні Баянауыл ауданының Жұмат Шанин ауылындағы Қ. Кемеңгеров атындағы ЖББОМ де бастауыш пен жоғары сынып оқушыларына Ұлттық парктің қызметкерлері дәріс жүргізді.

Іс-шарада «Таза Қазақстан» акциясы аясындаға « Таза Өлке» экологиялық акциясы барсында табиғатты қорғау және таза ұстау керек дегені нақты назарда болды, онымен қоса ұлттық парк туралы деректер, өсімдіктер мен жануарлар туралы ақпарат айтылды.

Оқушылар табиғат жөнінде өздеріне деген қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап алды.

Сонымен қатар, ұлттық парк атынан естелік сыйлықтармен құр қалған жоқ. Кім белсене қатысқан оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Келер болашақ жастардың қолында, табиғатымызды таза ұстайық!