Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

2025 жылдың 19 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Таза Өлке» экологиялық шарасы ұйымдастырылды.

Акция барысында ұлттық парк аумағы бойынша Шонай ауылы, Баянауыл,Далба,Жасыбай бөлімшелері аумақтары қоқыстан тазартылды.

Шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи мұраларды келер ұрпаққа таза күйінде жеткізу.

Іс-шараға ұлттық парктің ғимарат қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлар белсене қатысты.