Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

2025 жылдың 3 қазан күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Таза Өлке» экологиялық шарасы ұйымдастырылды.

Акция барысында ұлттық парк аумағы бойынша Шонай ауылының бір жақ кіреберісі мен Баянауыл бөлімшесіндегі Жалантөс асуы қоқыстан тазартылды.

Шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи мұраларды келер ұрпаққа таза күйінде жеткізу.

Іс-шараға ұлттық парктің қызметкерлері қатысты.