2025 жылдың 26 қыркүйек күні ұлттық парк қызметкерлері Баянауыл МҰТП аумағындағы «Әулиебұлақ» бұлағын көзін ашып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жалпы акцияның мақсаты – қоршаған ортаны сақтау, табиғи су көздерін ашып-тазалау арқылы экожүйенің тепе-теңдігін сақтау және болашақ ұрпаққа таза табиғатты аманаттау.



