Шұбар тоқылдақ (Dendrocopos major) — орташа денелі (70-100г) тоқылдақ. Иығында ақ теңбілдері бар, денесінің үстіңгі бөлігі қара реңді, қанты ақ шұбар болып келеді. Бауыры — ақ немесе қызғылтсары, құйрықасты — қызыл. Еуразияның қылқанды және жапырақты ормандарында қоныстанады. Шұбар тоқылдақтар туысы 33 түрден тұрады. Қазақстанда солардың 4 кездеседі.
Баянауыл ұлттық паркінің ормандарында мекендейтін шұбар тоқылдақ – табиғатымыздың баға жетпес байлығы. Бұл құс ормандағы зиянды жәндіктерді жеп, ағаштарды сау сақтауға көмектеседі. Қанатының өрнегі, басындағы қызыл белгілерімен көз тартатын бұл әдемі құс – орман экожүйесінің таптырмас бөлігі.
Орман тіршілігінің ажырамас бөлшегі — тоқылдақты қорғап, қамқорлық танытайық!



Фото авторы: іс-тәжірбие өтуші, Кашкеева Болат Жанатұлы