Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

18 қазан күні «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мәжіліс залында «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне ораий марапаттау рәсімі өтті. «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні» қарсаңында орман қорын сақтап, молайтып және табиғатты қорғап, жан-жануарлар дүниесіне қамқор болып , оларды дала өрттері мен басқа да апаттардан қорғап, ұзақ жылдар бойы қызмет жасап жүрген қызметкерлерді Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары — Арыстанбеков Еркін Темірболатұлы, «AMANAT» Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы Баянауыл аудандық филиалының басшысы — Шалбаев Куаныш Хайруллаұлы және «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің» РММ директоры — Жусупов Аждар Сағынтайұлы марапаттады.
????Мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және орман саласында аянбай еңбек ететін қажыр — қайрат тілейміз. Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

✍️ Баспасөз басшысы