Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ аумағында орманның патологиялық жағдайын анықтау мақсатында жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Аталған тексеру жұмыстарына парктің орман патолог инженері, Баянауыл және Жасыбай бөлімшелері басшыларының көмекшілері, орман шеберлері мен мемлекеттік инспекторлар, сондай-ақ “РОСТӨО” РМҚК Семей құрылымдық бөлімшесінің бас инженер — орман патологы қатысты.
Тексеру барысында орман алқаптарындағы ағаштардың және орман жамылғысының жалпы жағдайы, зиянкестер мен аурулардың таралу деңгейі, сондай-ақ орман экожүйесіне кері әсер етуі мүмкін факторлар жан-жақты зерттелді.
Жиналған деректер алдағы уақытта орманды қорғау және сауықтыру шараларын тиімді жоспарлау мен жүзеге асыру үшін негіз ретінде пайдаланылатын болады. Сонымен қатар, ұлттық парк аумағындағы барлық белсенді ошақтарда мониторинг жұмыстары жалғасады.

