Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану және қорғау бөлімдерінің мамандары Баянауыл бөлімшесінің мониторингте тұрған орман аурулары мен зиянкестеріне тексеру жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг қарағай, терек, қайың ағаштарына жүргізілді. Орман зиянкестер мен аурулары ретінде жұпсыз жібек құрты, қарағайдың қара мұртты қоңызы, кәдімгі шютте тіркелді.

Жұлдызқұрттар/жұмыртқа ізі табылған жоқ, бұл қарағайдың қара мұртты қоңызы және қарағай жібек құртының таралу қауіпі төмендегенін көрсетеді. Ағаш діңдерінде құмырсқалар анықталды, бұл экожүйенің қалыпты дамуын білдіреді. Құмырсқалар зиянды көлбеу жәндіктерді бақылауға көмектеседі. Құстарға арналған жасанды ұялар орнатылды. Орнатылған жасанды ұялар – биологиялық бақылау құралдары. Құстар зиянкестерді жеп, олардың популяциясын реттей алады.