Жыл сайын қазаң айының үшінші жексенбісінде кәсіби мереке орман шаруашылығы күні аталып өтіледі. Ұлттық парк аумағында кешегі күннен қазірге дейін қызмет етіп жүрген табиғат жанашырлары бар.
Табиғат үшін еңбектеніп жүрген жандар. Өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын Абдыкаримов Берік Егінбайұлын атап өтпеуге болмас.
Абдыкаримов Берік Егінбайұлы 1968 ж 2 ақпанда дүниеге келген. Туып өскен жері Қаражар ауылы. Қаражар мектебінде 8 жылдық білім алып,1983-1987 жылдары Павлодар политехникумда оқыған. 1987-1989 жылдары азаматтық борышымды өтеуге әскерге болып. Сосын Баян-аульский совхозында Молочный комплексте техник-механик болып жұмыс істеген.
Отбасылық жағдайы: Үйленген 2 ұлы бар.
2003 жылдан бастап Баянауыл мемлекеттік табиғи паркінде Баянауыл бөлімшесінде мемлекеттік инспектор болып жұмыс жасауда.
Елімізде табиғатты қорғау, оның әрбір дүниесіне жанашырлық танытуға, оларды дала өрті мен басқа да апаттан қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғат байлығын орынсыз пайдалануға жол бермеу – басты назарда.
🍀 22 жыл бойы табиғатпен бірге болып, осы уақытқа дейін атқарып келеді.Орманымызды қорғап, көгалдандыруға атсалысып жүрген Берік ағамыз секілді азаматтарымызды әрдайым мақтан тұтамыз.