Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Мен «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мекемесінде жиырма жылға тақау уақыт қызмет еттім. Қазіргі уақытта «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мекемесінде директор болып қызмет атқарамын. Осы жылдар ішінде табиғаттың әсемдігіне, орманның тыныс-тіршілігіне ерекше мән беріп, оны қорғау мен сақтау ісіне бар күшімді арнадым.

Қарқаралы орманы – халқымыздың байлығы, ұрпаққа аманат. Баянауыл – еліміздің әдемі жерлерінің бірі. Таза ауасы, жасыл ормандары және мөлдір суы ешқайсыңызды бейжай қалдырмайды. Табиғи ескерткіштерімен тамсандырады.

Менің негізгі міндетім – осы байлықты қорғау, өрттің алдын алу, заңсыз ағаш кесу мен аңшылыққа жол бермеу, сондай-ақ табиғатқа жанашырлық танытуға қоғамды жұмылдыру. Күн сайын орманды аралап, әр ағашты, әр бұтаны көзбен шолып, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету – үлкен жауапкершілік.

Біз орманды тазалау, жас көшеттер отырғызу, жануарлар мен құстарды қорғау бағытында көптеген жұмыстар жүргіздік. Әр отырғызылған жас шыбық – болашақ ұрпаққа көлеңке сыйлайтын алып ағаш. Құстарға ұя жасап орнату, су көздерін тазалау да біздің күнделікті еңбегіміздің бір бөлігі.

Табиғатты қорғау – тек мамандардың емес, әр азаматтың міндеті деп білемін. Біздің еңбегіміздің жемісі – ормандарымыздың жайқалып өсуі, жануарлар әлемінің сақталуы. Алдағы уақытта да қоршаған ортаны аялау үшін бар күш-жігерімді аямаймын.