Орман шаруашылығы қызметкерлер күнінде табиғатты қорғау саласында көп жылдық адал еңбек етіп, жоғары нәтиже көрсеткен қызметкерлерге құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құрмет грамотасымен Есмакаева Зауреш Катаевна — есепші,
3 ші дәрежелі Биоалуантүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін
Солтанбаев Асемгали Зекебаевич — Жасыбай бөлімше басшысының орынбасары, Куншуакова Динара Ныгметоллаевна — Ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы, Зиядин Казбек Рыгебаевич — Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторы, Омирбаев Сакен Максутович — Далба бөлімшесінің орман шебері, Абдуев Ардак Ашимович — Баянауыл бөлімшесінің мемлекеттік инспекторы
Бұл марапат – орман шаруашылығы саласындағы адал еңбек, жауапкершілік пен табиғатқа деген шынайы жанашырлықтың нәтижесі.
Сонымен қатар, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға демеу көрсеткен кәсіподақ ұйымының төрағасы Ибраева Жанар Байболатовна алғыс хатпен марапатталды.
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Табиғатты аялаудағы еңбектеріңіз жемісті болсын! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!



