Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында «Жасыл даму» бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Табиғатты қорғау тақырыбында 10 ақпараттық тақта және қоқысты сұрыптау мүмкіндігі қарастырылған 15 қоқыс жәшіктері орнатылды. Паркке келушілер қолайлылығы үшін өздігімен ыдырап кететін биоқаптар таратылуда. Сонымен қатар, демалушылар арасында қоқысты жинау, қайта өңдеу тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Бағдарламаның мақсаты — қоршаған орта ахуалын жақсарту және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейін қамтамасыз ету.








