Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 2025 жылдың жазғы демалыс маусымның басталысымен, яғни маусым айынан бастап қыркүйек айына дейін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы «Жасыл даму» бағдарламасы
абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

«Жасыл даму» бағдарламасы арқасында
табиғатты қорғау тақырыбында 10 ақпараттық тақта және қоқысты сұрыптау мүмкіндігі қарастырылған 15 қоқыс жәшіктері орнатылды. Паркке келушілер қолайлылығы үшін өздігімен ыдырап кететін биоқаптар таратылды. Сонымен қатар, демалушылар арасында қоқысты жинау, қайта өңдеу тақырыбында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Бағдарламаның мақсаты — қоршаған орта ахуалын жақсарту және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейін қамтамасыз ету.