Құрметті, «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парк» аумағына келушілер!
Бақылау өткізу бекеттерінде бейнебақылау 24/7 , тегін Wi-Fi желісі қамтылған. Сонымен қатар, табиғатты таза ұстау мақсатында, тегін қоқыс пакеттері таратылады.
Төлемді барлық мүмкін амалдармен жүргізу мүмкіндіктері бар (банк карталарын қабылдайтын терминалдар, Kaspi QR код, Halyk QR код, немесе қолма-қол).
Бақылау – өткізу бекетінде төлем жүргізгеннен кейін тисіті чек талап ету құқықтарыңыз бар.
Сонымен қатар, Ұлттық парк аумағында жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу ережесін қатаң сақтап, табиғат қорғау заңнамаларын бұзбауға шақырамыз.

