Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің РММ

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

2025 жылдың 9 қазан күні Баянауыл ауылында, «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғатты және биоалуантүрліліктің бүкіл кешенін сақтау жолдары» атты тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Ғылыми конференцияға Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан ғылыми қызметкер мен инженерлер, бөлім басшылары атап айтқанда , Көлсай көлдері МҰТП, Қорғалжын қорығы, Қарқаралы МҰТП, Бұйратау МҰТП, Ақжайық МТР, Ырғыз — Торғай табиғи резерваты,Іле-Алатау МҰТП, Шарын МҰТП,
Алтын- Емел МҰТП, Ертіс орманы резерваты, Жоңғар — Алтау МҰТП, Бөкейорда МТР, Ұлытау МҰТП, Медеу мемлекеттік өңірлік паркі, Көкшетау МҰТП сонымен қатар Павлодар қаласының Торайғыров университеті мен Ә.Марғұлан университетері және Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарих-өлкетану мұражайынан қызметкерлер өз баянбамасын қорғап шықты.

Конференцияның мақсаты – аймақтың биоалуантүрлілігі, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық ағарту және тұрақты табиғатты пайдалану мәселелері бойынша білім мен соңғы ғылыми ақпаратпен алмасу.

Конференцияның негізгі жұмыс бағыттары:

  • биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты даму
  • Биоалуантүрлілікті сақтауда ерекше қорғалатын табиғи территориялардың (ЕҚТА) рөлі
  • Табиғи мұраларды сақтауда экотуризмнің қолданылуы