2025 жылдың 11 маусым күні Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ғимарат қызметкерлері және Жасыбай бөлімшесінің мемлекеттік инспекторлары бірлесе отырып, ұлттық парк аумағына кіретін «Жасыбай» демалыс аймағы, Торайғыр, Біржанкөл аймақтарында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» сенбілік өтті.
Іс- шараға 20 адам қатысып, 450 кг қоқыс шығарылды.
Мұндай акциялар бірегей экожүйелерді сақтауға және ЕҚТА-да қоршаған ортаның ластануын болдырмауға бағытталған.
Еске сала кетейік, «Киелі мекен» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы аясында өткізілуде. Іс – шаралардың негізгі бағыттары — аумақтарды абаттандыру, жасыл аймақтарды ұлғайту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.